50234
Полиция полковнигі өзіне қатысты үкімді естігенде жылап жіберді
Полиция полковнигі өзіне қатысты үкімді естігенде жылап жіберді
Полиция полковнигі Айгүл Мамановаға қатысты сот үкімі шықты. Ол бұрын Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары қызметін атқарған. 8 сәуірде №2 Қостанай сотында ол кінәсіз деп танылды деп хабарлады turkystan.kz.
Айгүл Маманова тергеу мен сот процесі кезінде тергеу изоляторында отырған. Сот үкімі оқылғанда ол қуаныштан жылаған.
«Қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталсын», – деді судья Ерімхан Қадырбаев.Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда сот үкімін естіген экс-шенеунік жылап жіберді (ВИДЕО) Еске сала кетсек, Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Мамановаға қатысты іс билігін немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған. Ол қамауға алынардан бұрын басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалған. Полиция полковнигі шенін алған.