50576
«Назарбаев университетін қайта құрып, Назарбаев қорын жабу керек!» – Ғалым Байтұқ
«Назарбаев университетін қайта құрып, Назарбаев қорын жабу керек!» – Ғалым Байтұқ
Қоғам қайраткері Ғалым Байтұқ Назарбаев университетін сынап, оны қайта құруды ұсынды. Бұл жайлы пікірін ол Facebook-тегі парақшасында жазды. «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ҰҒО әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректорының пайымдауынша, Назарбав университеті – «жеке дүкен» деп хабарлады turkystan.kz.
Оның ойынша, аталмыш университет басқа ЖОО-мен бәсекелесуге қауқарсыз көрінеді.
«Қазақстандық білім берудің флагманы НУ – мүлде крейсер де, не қайық емес, үрлемелі резеңке қайық. Бюджеттің және демеушілік миллардаған ақшаны жеп жатқан бұл жеке дүкен ешбір әлемдік университеттер рейтингіне кірмейді. Тіпті, бар ғой, CWUR рейтингінде әлемдегі ең жақсы 1000 университет қатарына енбейді. Бұлай болуы түсінікті. Себебі, сарапшылар үшін ашуды талап ететін көптеген критерийлер бар және бұл НУ басшылығы үшін тиімсіз. Расында Назарбаев университеті – әлемнің үздік университеттерімен бәсекеге түспек түгілі, олармен серіктес те бола алмайды» деп жазды.Онымен қоймай, университетті қайта құруды ұсынды.
«Назарбаев Университетін» ерекше мәртебе туралы заңнан айырып, қайта құрып, білім мен ғылымның біртұтас жүйесіне шұғыл көшіру қажет деп ойлаймын. Қазіргі артықшылықтарды сақтамай, оны бизнесті басқаруға беруге болады. Айпақшы, «Назарбаев қорын» да жабу керек!» – деп сөзін түйіндеген Ғалым Байтұқ биліктегі Ерлан Қарин, Аида Балаева, Асхат Аймағамбетов секілді азаматтардың аккаунтын белгілеп қойды.