50223
«Қайғы-қасіреттен де ақша жасауға арланбадыңдар» - журналист
«Қайғы-қасіреттен де ақша жасауға арланбадыңдар» - журналист
Журналист Ербол Мәндібек Facebook-тегі парақшасында Президент резиденциясын бұзып тастау үшін 6 миллиард теңге сұраған шенеуніктерге шүйлікті деп жазды turkystan.kz.
«Суретті қараңызшы. Қу қаңқасы қалған сарайды сүруге бюджеттен 6 миллиард теңге сұрапты. Трәктірге тіркеп, тартып қалсаң құлайтын төрт қабырғаға 6 миллиард бөліп, кімді ақымақ қылмақшы бұлар? Тоқаев бюджетті экономдауды қайта-қайта қатаң ескертіп жатыр. Төңірегіндегілердің ісі болса мынау. Президенттің іс басқармасы, халыққа түсініктеме беріңіздер! 30 жыл бойы жемқорлықтың 30 мың айласын ойлап тапқан арамдар, қайғы мен қасіреттен де ақша жасауға арланбадыңдар-ау. Жалпы, бізге Президенттің іс басқармасы деген керек пе? Бәлнестер, шипажайлар, гараждар, резиденциялар сынды «кайфуша» объектілерді қамтитын құрылымды құрту керек. Егер шынымен Жаңа Қазақстан құрамыз десек» деп жазды ол.