50494
Түркістан облысының 23 мектебіне айыппұл салынды
Түркістан облысының 23 мектебіне айыппұл салынды
Түркістан облысындағы 23 мектепке көше дәретханалары үшін айыппұл салынды деп жазды turkystan.kz.
Түркістан облысының бірқатар ауданындағы мектептерге санитарлық талаптарға сай дәретханалардың болмауы салдарынан айыппұл тағайындалды. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданының 13 мектебіндегі, Мақтаарал ауданының 4 мектебіндегі, Отырар ауданының 2 мектебіндегі дәретханалар санитарлық талаптарға сай болмай шықты.
Сондай-ақ, Төлеби, Бәйдібек, Жетісай аудандарының және Түркістан қаласы мектептерінің бірінде талапты бұзушылықтар анықталды.
Заңсыздықтарға жол берген 29 лауазымды тұлғаға 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
«Соңғы жылдары белгілі болғандай, еліміздің кейбір аудандарындағы сыртқы дәретханаларға қатысты жағымсыз жағдайларға байланысты мектеп дәретханаларының сыртта орналасуы балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін», – делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.