Алеппода опат болғандарды жерлейтін орын жоқ

Алеппода опат болғандарды жерлейтін орын жоқ

Алеппода опат болғандарды  жерлейтін орын жоқ
ашық дереккөзі
186
Көтерілісшілер бақылауына алынған Сириядағы Алеппо қаласының шығыс бөлігінде опат болғандарды жерлейтін бос орын қалмаған, деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған Азаттық. Қоршаудағы аудандар тұрғындары әуе шабуылы салдарынан қаза тапқандарды тұрып жатқан үйлерінің ауласына қоюға мәжбүр. Қаладағы дәрігерлер Алепподағы мәйітханаларда да бос орын қалмағанын мәлімдеген. Жергілікті билік қаза болғандарды жаппай жерлеуге келісім беруге әзір екенін айтқанымен оған қажетті техникалары жоқ. Адам құқығы жағдайына мониторинг жүргізетін сириялық орталықтың ақпараты бойынша, үкімет армиясы Алеппоның шығыс бөлігінде көтерілісшілерге қарсы шабуыл бастаған қарашаның 15-інен бері қаза тапқан 300-ден аса адамның 40-тан астамы – балалар. Соңғы үш аптада президент Башар Асадтың әскери күштері Алеппоның шығыс бөлігінде қарулы көтерілісшілер бақылауында болған аумақтың 60 пайызға жуығын өзіне қаратқан. Қазір ондағы жарақат алған немесе дертке шалдыққан 400 адам шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері хабарлады. Аймақтан қашып шыққан тұрғындардың айтуынша, қаскөйлер бақылауындағы кейбір аудандарда ахуал мүлде нашар. Ол жерлерде шамамен 250 мың адам тұрып жатыр. Оған қоса, бұл аймақтарда азық-түлік пен дәрі-дәрмек қажет.

Серіктес жаңалықтары