50237
Түркістан облысында Ресейден келе жатқан жүк көлігі өртеніп кетті
Түркістан облысында Ресейден келе жатқан жүк көлігі өртеніп кетті
Ресейден Тәжікстанға бет алған үлкен жүк көлігі Түркістан облысында жолда жанып кетті деп жазды turkystan.kz.
Оқиға 9 сәуірде, кешкі сағат 21.00-де болғаны хабарланды. Аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жиенқұм ауылының жанындағы Самара - Шымкент тасжолының 73-шақырымында жүк автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы шықты. Мұқият тексеру кезінде тәртіп сақшылары Ресейден Тәжікстанға бара жатқан Volvo маркалы жүк көлігі тіркемесінің баллоны жанғанын анықтады», – деп хабарлады полиция қызметкерлері.Ақпарат бойынша, өздігінен жанған үлкен жүк тиегіш тұрмыстық техникамен бірге толықтай өртеніп кеткен. Адам шығыны болған жоқ. Жүргізуші жүк көлігінен құжаттарын алып шығып үлгерген.