50386
«Кейде қате шешім қабылдауың керек» – Гүлзира Айдарбекова (ВИДЕО)
«Кейде қате шешім қабылдауың керек» – Гүлзира Айдарбекова (ВИДЕО)
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасына жұртты елең еткізерлік жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойды деп хабарлады turkystan.kz.
Ол жазбасында басыңа іс түскенде қасыңда кім қалатынын білу үшін ара-тұра қате шешім қабылдаудың пайдасы барын жеткізді.
«Кейде сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астаң-кестең болып жатқанда, сенімен кімнің қалатынын білу үшін қате шешім қабылдауың керек. Бұған қосар тағы бір ойым, жеңуім үшін көп жерде жеңілуім де керек. Сәресі ішіп отырған сіздерге Алла мол сауап жазсын! Түннен төрт көзіміз түгел амандықпен оянуымызды Алла қабыл етсін!» деп жазды продюсер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram