Бас прокуратура: қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан

Бас прокуратура: қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан

Бас прокуратура: қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан
ашық дереккөзі
50293
Бас прокуратура қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«12 ұйымдасқан қылмыстық топтың ішінде ең белсенділері – «Дикий Арманның» тобы, «Қазақстандықтар» және «Айшуақ-Жантүгел» топтары болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды», – деді Бас прокуратура өкілі.
Сондай-ақ ол ұсталғандар арасында қылмыс әлемінің 4 беделді тұлғасы бар екенін атап өтті.
«Оның ішінде 4 қылмыс авторитеті бар. Бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтап, жауапқа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Осы уақытта жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, оның 269-ы қамауға алынды», – деді Елдос Қилымжанов.

Серіктес жаңалықтары