«Қазақтелеком» АҚ-ның 28,8% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылатын болды

«Қазақтелеком» АҚ-ның 28,8% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылатын болды

«Қазақтелеком» АҚ-ның 28,8% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылатын болды
ашық дереккөзі
50427
Үкімет «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады деп жазды turkystan.kz.
«Сыйға тарту шарты бойынша, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481  акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.
Сонымен бірге, Үкімет қаулысында «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 акциясы республикалық меншікке берілетіні айтылған. Еске сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкіметке «Қазақтелеком» мемлекеттік корпорациясын демонополизациялауды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары