Бозжыра шатқалында қонақүй кешені салынбайтын болды

Бозжыра шатқалында қонақүй кешені салынбайтын болды

Бозжыра шатқалында қонақүй кешені салынбайтын болды
ашық дереккөзі
50992
Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, Бозжыра шатқалында қонақүй кешені салынбайды деп хабарлады turkystan.kz.
«Жоба бастамашысы - «Tethys Aktau IV « ЖШС-нің ауызша ақпаратына сәйкес, Бозжыра шатқалындағы қонақүй кешені мен этноауыл құрылысының жобасы инвестордың бастамасымен тоқтатылды», - деп атап өтті әкімдік.
Айта кетсек, бұған дейін Маңғыстауда «Бозжыра сафари» қонақүйінің жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Алайда өңір тұрғындарымен қатар еліміздің экобелсенділері бұл құрылыс жұмысына наразылық танытып, іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берген болатын. Маңғыстау облысы әкімдігі Мәдениет және спорт, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізіп, жобаны Бозжыра шатқалынан 4 шақырым қашықтықта, қорықшадан тыс жерде жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.
«Бұған қоса, инвестор Маңғыстау облысының экологиялық туризм ерекшеліктерін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыру үшін жоба тұжырымдамасына кешенді өзгертулер әзірлеп жатыр. Жоба тұжырымдамасына кешенді өзгертулер енгізуге қатысты кейбір сәттердің туындауына байланысты оның құны 38,6 млрд теңгеден 39,8 млрд теңгеге дейін ауытқыды. Жобаның нақты құны оған өзгерістер енгізумен байланысты жоғарыда аталған процедуралар аяқталған соң нақтыланады», - деп атап өтті әкімдіктен.

Серіктес жаңалықтары