51093
«Қазақтар, топассыңдар!»: оралман әйел қазақша сөйлей алмайтындарды есекке теңеді (ВИДЕО)
«Қазақтар, топассыңдар!»: оралман әйел қазақша сөйлей алмайтындарды есекке теңеді (ВИДЕО)
Өзбекстаннан келген оралман әйел Қазақстанда тұрса да, қазақша оқып, қазақша жаза алмайтындарды сынады. Қазір өз тілін білмейтін қазақтарды «сорлылар» деген келіншектің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
«Иә, қарап тұрсам, маған қарсы көп әңгіме айтып жатсыңдар. Қарақалпақ, өзбек деп жатсыңдар. Былай қарап тұрсам, кім соның бәрін жазған болса, тарихты оқымағансыңдар, топассыңдар, білесіңдер ме, топассыңдар! Ташкент баяғыдан Төле бидің жатқан жері, білесіңдер ме? Баяғыда қазақтың жері болған. Сорлы қазақтар, топассыңдар! Қазір маған қарап тұрып, олайсың-бұлайсың деп жатсыңдар. Иә, мен орысша оқығанмын, өзбекше оқығанмын, иә, мен қазақша оқымағанмын. Ал не істей аласыңдар? Сендер Қазақстанда тұрып, қазақша оқымағансыңдар, қазақша жаза алмайсыңдар! Көбің қазақша түсіндіріп айта алмайсыңдар да. Не деп тұрсыңдар, өздерің!? «Air Astana-да» болған оқиғаны қараңдаршы, сорлылар!», – деді ашулы келіншек.Мұнымен қоймай, ол қазақша сөйлей алмайтындарды есекке теңеді. Сөйтіп, желі қолданушыларын ашуландырып қойды.
«Жат жұртта, басқа мемлекетте тұрсақ та салтымызды, өз тілімізді жоғалтпадық. Ал сендер өз Отандарыңда тұрып, қазақ тілінде сөйлей алмайтын есексіңдер!» – деді ол.Айтпақшы, видеодағы әйелдің кім екені белгісіз. Тағы оқи отырыңыз: Екі бойжеткен қоғамдық орында дәрет сындырған