Мәйітханадағы мүрде ұшты-күйлі жоғалды

Мәйітханадағы мүрде ұшты-күйлі жоғалды

Мәйітханадағы мүрде ұшты-күйлі жоғалды
ашық дереккөзі
50844
Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Светлана Елямова «Еуразия» телеарнасындағы «Көреміз» ток-шоуына келіп, Арманжан деген ұлын бір жылдан бері көрмегенін, оның денесі былтырғы жылдың 9 қаңтарынан бері мәйітханада жоғалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Арманжанмен соңғы рет 27 желтоқсанда сөйлескен. Сол кезде ол анасына Жаңа жылды достарымен бірге қарсы алатынын айтқан.
«3-қаңтарда телефоны өшірулі тұрды. 10 қаңтарда дос баласына қоңырау шалдым. Бәрі оның қайда екенін білмейтінін айтты. Телефоны өшірулі болғанымен, ватсабы қосылып тұрды», – деді баласының денесін іздеген ана.
Арманжан Мырзаәлімов қайтыс болды деген қаралы хабарды алғаш болып інісі естіген. Мәйіт Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылынан табылған. Жедел жәрдем екі күннен соң келген. Мәйіттің иісі шығып кеткен. Денесінде жарақат, қара дақ болды дейді қасында болған адам. Еңбекшіқазақ ауданының мәйітхана қызметкерлері 11 қаңтар күні Арманжанның денесі жеткізілгенін айтқан. Алайда мәйіттің шығарылған күні еш жерде жазылмаған.
«Мәйітхана бастығы мені кіргізбеді, мені көргенде ашулана бастады. Жұмыс уақытым бітті деп», –  деді әпкесі.
Сот сараптамасы орталығының Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Бауыржан Құраметов:
«Біз мәйітті ешкімге берген жоқпыз. Біз білмейміз. Егер мәйітті берсек, осы журналда берілген күннің уақыты жазылып тұратын еді», – деп азар да, безер болды. «Арманжанның мүрдесі әлі табылмаған. Сот тарихында Қазақстан бойынша бұл жағдай бірінші рет болып отыр», – дейді Дәурен Рабилов.
Ол марқұм Арманжанның мүрдесін іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.  Тағы оқи отырыңыз: «Полиция әкеткен күйеуімді мәйітханадан таптым» – көпбалалы ана (ВИДЕО)

Серіктес жаңалықтары