51452
Жұбаныш Жексенұлы өсекшілерді «байғұс, бейшара» деп атады
Жұбаныш Жексенұлы өсекшілерді «байғұс, бейшара» деп атады
Белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы үйінде отырып алып, өнер адамдарын өсектейтіндердің өресі төмен деп отыр деп жазады turkystan.kz.
Әншінің ойынша, әлеуметтік желі арқылы өзгенің өмірін аңдитындардың басқа нәрсемен айналысуға өресі жетпейтін көрінеді. Онымен қоймай, ол жұлдыздардың жеке өміріне бас сұғатындарды сынады.
«Қазіргі тобыр үйде отырып алып әлеуметтік желіні қарап отырғаннан басқа түк білмейді. Олардың басты ермегі - әншілердің жеке өмірін аңду. Кіммен қосылды? Кіммен ажырасты? Кіммен төбелесті? Осының бәрін өсектеп отырады. Өсек айтуға ғана өресі жеткен адамдарды байғұс, бейшараға теңер едім. Ондай адамдардың басқа нәрсе ойлауға өресі жетпейді», – деді Жұбаныш Жексенұлы.Тағы оқи отырыңыз: «Қазақтар, топассыңдар!»: оралман әйел қазақша сөйлей алмайтындарды есекке теңеді (ВИДЕО)