Ағылшын тілін үйреніп жүрген мұғалімдердің дайындығы төмен

Ағылшын тілін үйреніп жүрген мұғалімдердің дайындығы төмен

Ағылшын тілін үйреніп жүрген мұғалімдердің дайындығы төмен
ашық дереккөзі
516

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, үштілді білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі курстарына қатысып жүрген оқытушылардың басым бөлігі шет тілінде сабақ беруге дайын емес.

«Бүгінде үш тілді оқыту бойынша тәжірибе жинақтауды жалғастыра беру керек. Себебі осы саладағы бастамалардың бірі - төрт жоғары оқу орнында дайындықтан өткен 1 500 оқытушының 70 пайызында ағылшын тілін білу деңгейі «Еlementary» (алғашқы қадамдар) және «Вeginner» (бастапқы кезең) болып шықты. Демек, барлығында базалық дайындық төмен. Аталған оқытушылардың тек 30 пайызы ғана «Intermediate» (орташа деңгей), біреулерде «Pre-Intermediate», енді біреулер ағылшын тілін «Advanced» (еркін сөйлеу) деңгейінде біледі екен. Дәл осы оқытушылар келесі семестрден бастап сабақты ағылшын тілінде беруге әзір», - деді жоғары білім және жоғары оқудан кейінгі білім беру департментінің басшысы Д.Аxмед-Заки бүгін Астанада басталған көп тілді білім беру мәселесіне арналған xалықаралық семинарда.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жоғары оқу орындары осы бастаманы жергілікті жерлерде жалғастырып, оқытушыларды өз ақшаларына дайындауы қажет. Мемлекет болса, келесі жылы тағы 1 500 грантты бөліп бермекші. Осы гранттардың есебінен қазіргі курстарға қатысып жүрген оқытушылар өз білімдерін шыңдайды. Сондай-ақ дайындыққа жаңа оқытушыларды тарту жоспарланған.

«Биылдан бастап Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында «Ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар» деген пән ағылшын тілінде оқытылады. Енді, бірқатар университеттер осы бастаманы келесі семестрге ауыстырды. Біз оны жақсы түсінеміз. Себебі қыркүйекте бәрі бірдей дайын болған жоқ. Біздіңше, олар екінші семестрде де дайын болмаса да, үшінші семестрде тиісті жұмысты қоға алады. Сөйтіп, «Ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар» пәні таза ағылшын тілінде беріледі. Бұл - өте орынды нәрсе. Өйткені аталған пәннің терминологиясы ағылшын тіліне негізделген», - деп атап көрсетті Д.Аxмед-Заки. Департамент басшысының сөзіне қарағанда, болашақта жоғары оқу орындарында пәндердің 30 пайызын ағылшын тілінде оқыту жоспарланып отыр

 

Серіктес жаңалықтары