БҒМ тағы бір ЖОО-ның жұмысын тоқтатты

БҒМ тағы бір ЖОО-ның жұмысын тоқтатты

БҒМ тағы бір ЖОО-ның жұмысын тоқтатты
ашық дереккөзі
50251
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Орталық Қазақстан академиясының жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды  деп жазды turkystan.kz. Комитеттің мәліметінше, Орталық Қазақстан академиясының жұмысын тексеру нәтижесінде ЖОО-да сабақтар толық көлемде жүргізілмеген. Сондай-ақ, оқытушылардың білімі мен ғылыми дәрежесі оқытылатын пәндерге сәйкес келмеді. Оқу процесі практикалық оқытушылармен, қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілмеген.
«Сонымен қатар, университетте сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі болмаған. Соның салдарынан білім бөлімінің қорытындысы бойынша, Академияда кадрларды даярлаудың алты бағытының студенттері шекті балл жинай алмаған. Одан бөлек, тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пәндерді қайта тапсыруда бұзушылықтар анықталды. Аралық бақылауды тапсыру кезінде университет прокторинг жүйесін қолданбаған, – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.
Бұған қоса, жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының рейтингін талдау Орталық Қазақстан академиясының оқу бағдарламаларының басым бөлігі жаңартылмағанын және еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейтінін көрсетті. Сол себепті мамандықтың көпшілігі студенттер арасында сұранысқа ие болмай, тек 1-ден 5 адамға дейін ғана оқыды. Университет апелляциялық құқықты пайдалана отырып сот органдарына жүгінген. Бірінші сатыдағы сот академияның талаптарын қанағаттандырусыз қалдырып, комитеттің шешімдерін заңды деп таныды. Айта кетейік, ЖОО қызметінің ережесіне сәйкес, студенттер университет лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе қайтарып алынған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы.  

Серіктес жаңалықтары