Бүгін "Алтын сапа" иегерлері мен "Парыз" жеңімпаздары анықталады

Бүгін "Алтын сапа" иегерлері мен "Парыз" жеңімпаздары анықталады

Бүгін "Алтын сапа" иегерлері мен "Парыз" жеңімпаздары анықталады
ашық дереккөзі
575

Бүгін елордада «Алтын сапа» Президент сыйлығын табыстау және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Биыл «Алтын сапа» Президент сыйлығына 100-ден астам кәсіпорын үміткер болды. Бұл сыйлық дәстүрлі түрде үш санат бойынша үш аталыммен беріледі:

«Өндірістік бағыттағы ең үздік кәсіпорын»;

«Халыққа арналған тауар шығаратын ең үздік кәсіпорын»;

«Қызмет көрсететін ең үздік кәсіпорын».

«Алтын сапа» байқауының мақсаты – кәсіпорындар мен ұйымдардың отандық өнім сапасын арттыру бойынша жұмысын белсендіру, Қазақстан нарығында бәсекеге қабілетті өнімнің артуына ықпал ету, сонымен қатар халық арасында сапа идеясын насихаттау.

Бұдан өзге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі  өтеді.Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауына қатысуға еліміздегі 501 кәсіпорынның басшылары өтінім берді.Байқаудың аймақтық кезеңінің қорытындылары бойынша ең көп өтінім Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарынан келіп түскен – 68, ал Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әрқайсысынан 53 үміткерден тіркелген.

Байқауға қатысушылардың жалпы санынан ең көп өтінім (263 кәсіпорын) «Ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» аталымы бойынша берілді, онда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне және жалпы қоғамның әл-ауқатының жақсаруына бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын үміткерлердің жұмысы бағаланды.

«Қазақстанның үздік тауары»  республикалық көрме-байқауының дипломанттары да өздеріне лайықты марапаттарын иеленеді.

Дәстүрлі түрде байқау жеңімпаздары үш санатта үш аталым бойынша анықталады:

Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»

Халыққа арналған үздік тауарлар»

Ең үздік өндірістік тауарлар».

Биыл республикалық көрме-байқауына аймақтық іріктеуден өткен 145 жеңімпаз компания қатысты. 9 дипломант өз аталымдары бойынша «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олар байқау Эмблемасын жарнамалық мақсатта 4 жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

Сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының сыйлығына  үміткер байқауға қатысушылардың ішінен өз ісінде табысқа қол жеткізген кәсіпорындарға «Іскер» арнайы сыйлығын табыстайтын болады.

Сонымен қатар бүгін дәстүрлі түрде телекөпір өтіп, оның аясында Индустрияландыру картасының жобаларының тұсауы кесіледі. Мемлекет басшысы телекөпір режімінде нысандардағы өндірісті іске қосып, индустрияландыру аясындағы жобалар құрылысының басталуына белгі береді.

 

Серіктес жаңалықтары