Мектеп директоры қой сатқаны үшін жазаланды

Мектеп директоры қой сатқаны үшін жазаланды

Мектеп директоры қой сатқаны үшін жазаланды
ашық дереккөзі
50424
Маңғыстауда қой-ешкі шаруашылығымен айналысқан мектеп директоры жазаланды деп жазды turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Ақтау қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты мектеп директорына 430 мың теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды. Білім беру мекемесінің басшысы қызметке келгеннен кейін бір жылдан соң ет кәсіпшілігін ашқан.
«Сот өткен жылдың 31 тамызынан бастап жалпы білім беретін мектептердің бірінің директоры кәсіпкер ретінде мемлекеттік Кірістер департаментінде тіркеуде тұрғанын анықтады. Сот қаулысымен ол «Тыйым салынған тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысуы» бабы бойынша кінәлі деп танылды», – деді Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Болат Пазылов.
Сондай-ақ, сот тағы бір «кәсіпкерге» 428 820 теңге көлемінде айыппұл салды. Мектеп мұғалімі желілік маркетингпен айналысқан. Соттың мәліметінше, педагог арнайы тағамдар мен танымал брендтің қоспаларын сатумен айналысқан. Аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бір айдың ішінде Маңғыстау облысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 10 мектеп басшысын анықтаған. Сот олардың алтауына қатысты істі қараған. Барлығы 2,5 миллион теңге айыппұл төлеген.

Серіктес жаңалықтары