50466
Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға сеніп, 500 мың теңгесінен айырылды
Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға сеніп, 500 мың теңгесінен айырылды
Интернет-алаяқтарға сеніп қалған Петропавл қаласының тұрғыны 500 мың теңгесінен айырылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Петропавл тұрғыны желідегі «қаражатты көбейтеміз» деген хабарландыруға сеніп, интернет-алаяқтықтың құрбанына айналды. Ол интернеттен өзін қызықтырған хабарландыруды тауып алып, ұсынылған сайтқа тіркелген. Келесі күні оған алаяқтар WhatsApp мессенджеріне хабарласып, жобаға қатысу үшін 150 мың теңге салу қажет екенін айтқан. Оған сеніп қалған азамат шағын несие ұйымынан займ алып, оны алаяққа аударған. Көп кешікпей, оған 50 доллар табыс таптыңыз деген хабар келген.
Алаяқтар қосымша қаражат салып отырған адамға «дивидендтері» көрсетілген кестелер жіберіп отырған. Жәбірленуші алданғанын сезген кезде «табысын» талап еткен. Алайда, алаяқтар табыс алу үшін тағы да салым салу керек деген. Ақырында 545 мың теңгесінен айырылған ер адам полицияға жүгінеді.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.Тағы оқи отырыңыз: Алаяқтар аңқау қызылордалықты қарызға белшесінен батырған