Ұлттық банк халыққа ескерту жасады

Ұлттық банк халыққа ескерту жасады

Ұлттық банк халыққа ескерту жасады
ашық дереккөзі
50315
Қазақстан Ұлттық банкі халыққа ескерту жасады. Банктің ескертуінше, қазір телефон алаяқтары көбейген. Алаяқтар телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді екен деп хабарлады turkystan.kz. Жымысқы әрекетін жүзеге асырғысы келгендер қандай да бір істің мән-жайын анықтамақ болып, өздерін ҚҰБ қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады. Алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау келтіріп, азаматтарды дербес мобильді құрылғысына екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді. Содан кейін қаскөйлер смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақшалай ұрлайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының қаражатымен жасалатын ақшалай операцияларға тән хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды. Алаяқтардың түпкі мақсаты – қолға түсірген деректер арқылы ақша жымқыру және азаматтарға ауқымды материалдық залал келтіру.
«Есіңізде болсын, Қазақстан Ұлттық банкі: – жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасаспайды; – ҚР азаматының шотына қатысты қандай да бір алаяқтық әрекет, дербес деректердің жария етілуі және екінші деңгейлі банктерде несие ресімдеу секілді мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды; – ҚҰБ-тағы шоттар тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің және саны шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін. – Ұлттық банктің атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз, құқық қорғау органдарына хабар берген абзал», – делінген банктің ресми хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары