50620
Жаңаөзенде ауыз суды пайдалануға шектеу қойылды
Жаңаөзенде ауыз суды пайдалануға шектеу қойылды
18 сәуірден қыркүйекке дейін Жаңаөзенде ауыз су кестеге сәйкес берілетін болды деп жазды turkystan.kz.
«Қалада ауыз су тапшылығы бар», – деп хабарлады «ӨзенИнвест» МКК.«ӨзенИнвест» компаниясының мәліметінше, судың жетіспеушілігі сұраныс күрт өсетін көктем мен жаз айларында тұрғындарды онымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2024 жылы тәулігіне 50 мың текше метр тұшыту қондырғысын салу жоспарланып отыр.