Танымал футболшы сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға ілікті

Танымал футболшы сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға ілікті

Танымал футболшы сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға ілікті
ашық дереккөзі
50306
«Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пикенің басы бәлеге қалды. Ол Испания Корольдігі футбол федерациясының (RFEF) президенті Луис Рубиалеспен бірге сыбайлас жемқорлық дауына ілігіп отыр  деп хабарлайды turkystan.kz. El Confidencial мәліметінше, Пике мен Рубиалес Испания Суперкубогын Сауд Арабиясында ұйымдастыру үшін елдің билігіне қысым көрсетіп, онымен қоймай, 24 млн еуро сұраған. Алайда құжаттардан Рубиалестің осы іс қорытындысы бойынша Пикеге 6 млн еуро төлеуге келіскенін аңғаруға болады. Одан бөлек, Жерардың әрекетін жасыруға тырысқаны байқалады. Пике Рубиалеске Испанияның Суперкубогын Сауд Арабиясына ауыстыру туралы келісім жасауға көмектескен. Қорғаушы келіссөздерді өзі акционер Kosmos компаниясы арқылы жүргізгені туралы ақпараттар айтылып жатыр. Сауд Арабиясымен келісім аяқталғаннан бері Испания футбол федерациясы жыл сайын 40 миллион еуро кепілдендірілген төлемдер алады. Сонымен қатар Рубиалестің жалақысы бірнеше есе өскен. Ал Пике өзінің мәмілеге қатысқаны үшін Kosmos компаниясы арқылы жылына төрт миллион еуро таза төлем алады. Тағы оқи отырыңыз: «Есі дұрыс емес»: танымал файтер саунада күреспек болған

Серіктес жаңалықтары