Тамақ бағасының шарықтағаны аздай, дәретхана қағазын да қымбаттатпақ

Тамақ бағасының шарықтағаны аздай, дәретхана қағазын да қымбаттатпақ

Тамақ бағасының шарықтағаны аздай, дәретхана қағазын да қымбаттатпақ
ашық дереккөзі
50306
Азық-түліктің қымбаттағаны аздай, енді дәретхана қағазы мен картон қаптамалардың да бағасы өсуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Өндірушілер болса, макулатура жетіспейді дейді. Бұған себеп, Ресейден шикізат жеткізудің тоқтатылуында екен. Соның салдарынан, Қарағанды гофротара өндіру зауыты күн өткен сайын клиенттерінен айырылып жатыр. Ақырында басқа амалы қалмаған басшылық өз өнімдерінің бағасын көтеруге мәжбүр көрінеді. Гофрленген картон қаптамасының қымбаттығына байланысты көптеген сатып алушы одан бас тартып, пластикке ауысып жатыр екен. «Гофрокартон» зауытының директоры Динара Ибраеваның айтуынша, қазір макулатура бағасы қымбаттаған. Оны өндірушілер, қайта өңдеу кәсіпорындары келі үшін 100-115 теңгеден сатып алған. Ол кезде 2019 жылы 15-20 теңге болған. Кәсіпкерлердің айтуынша, Қазақстаннан макулатураны Ресей мен Өзбекстан сатып алады. Біздің елдің өз ағашы жоқ. Сондықтан шикізат тапшылығы байқалып жатыр. Бұл кедергіге қаптама, дәретхана қағазы, жұмыртқа қабын өндірушілер тап болды. Көбі жабылып қалуы мүмкін. Тағы оқи отырыңыз: «Қазақстан келісімді орындамай отыр» – Қырғызстан Үкіметі

Серіктес жаңалықтары