Алматы облысында ереуілшілерге 100 доллардан ақша төленген

Алматы облысында ереуілшілерге 100 доллардан ақша төленген

Алматы облысында ереуілшілерге 100 доллардан ақша төленген
ашық дереккөзі
50197
Қаңтар оқиғасын тергеу ісі тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған азаматтарды анықтады деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов баяндады.
«Тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталып, тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген адамдардан жауап алумен расталады», – деп мәлімдеді Елдос Қилымжанов.
Оның айтуынша, Алматы облысында Талдықорғандағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған, сондай-ақ азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға үлес қосқан О. және Н. есімді азаматтар анықталды. Сонымен бірге, Жамбыл облысының тұрғыны Telegram арнасын ашып, қатысушыларға тосқауылдар орнату, «Молотов коктейльдерін» жасау, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсету, ғимараттарды басып алу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар беріп отырған. Одан кейін 5 және 6 қаңтарда бүлікшілердің қозғалысы және Жамбыл облысындағы мемлекеттік нысандарға жасаған шабуылдарын үдету туралы ақпарат берген. Бас прокуратураның есептеуінше, басқа аймақтарда да осындай жолмен әрекет еткен және бұл бірыңғай жоспардың бар болғанын көрсетеді. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына қатысты 11 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір іс сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары