50782
«Бір әскери парад өткізуге шамамен 4 млрд теңге кетеді» – Қорғаныс министрі
«Бір әскери парад өткізуге шамамен 4 млрд теңге кетеді» – Қорғаныс министрі
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанда әскери парад ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір Қазақстан Қарулы күштерінің алдында маңызды міндеттер тұр. Оларды Жоғарғы бас қолбасшы айқындап берді. Бәрін жүзеге асыру және бюджеттен қаражат сұрау – бәрі шығын. Мәселен, жанар-жағармай материалдары, іссапар шығындары, жеке құрамның тамақтануы бар. Жақында ғана оқу-жаттығуды аяқтадық. Мұнда бізге қайсысы маңызды? Оқу-жаттығу өткізіп, жауынгерлік әзірлігімізді тексеру ме, әлде, шеру жасау ма? Бұл ретте біз Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмаларын іске асыруды ескеріп, Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығымен айналысқан орынды деп санаймыз. Бұған дейін пандемия болғанын білесіздер, онда шеру жасайтын қажеттілік болмады. Ал қазір біз жауынгерлік әзірлікті арттырумен айналысып жатырмыз. Келесі жылы экономикалық тұрғыдан мүмкіндік болса, шеру өткіземіз. Жалпы, бір шеру өткізуге орта есеппен 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады», - деді Қорғаныс министрі.Сонымен қатар, Руслан Жақсылықов 7 мамыр – ҚР Қарулы күштері күні мен 9 мамырды шатастырмау қажеттігін айтты. Тағы оқи отырыңыз: «Қазақстан Жеңіс парадын өткізбейтінін түсіндірсін» – Ресей депутаты