«Қазақ елі құндылықтары» – елдіктің белгісі

«Қазақ елі құндылықтары» – елдіктің белгісі

«Қазақ елі құндылықтары» – елдіктің белгісі
ашық дереккөзі
51069
Бүгін V Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Қазақ елі құндылықтары» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қай­рат­кер­лері, көрнекті ғалымдар, академиктер мен тарихшылар қатысты. «Қазақ елі құнды­лық­тары» кітабы еліміздегі сирек кездесетін мә­дени және табиғи нысандар, ЮНЕСКО-мен қор­ғалатын ұлттық мәдени мұра элементтері, көш­пелі мәдениет құндылықтары, дала өрке­ние­тіндегі ежелгі урбанизация процестері, ежел­гі түркілердің рухани-мәдени және ма­териал­дық құндылықтар жүйесі туралы та­рихи деректерге негізделген. Басылымда әр­бір нысан туралы ғылыми түпдеректер кел­тірілген, сондай-ақ онда көне суреттер қоса беріл­ген. Оқуға жеңіл, түсінікті тілмен жа­зыл­ған тарихи-танымдық еңбектің ішінде Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтері, Күл­тегін, Ұлы Жібек жолы, Ботай мәдениеті, қар барысы, сондай-ақ қымыз, қазақша күрес, тоғызқұмалақ секілді материалдық және дәс­түрлі мәдени құндылықтар туралы тың дерек­тер ұсынылған. Жолтай ӘЛМАШЕВ, жазушы: – Түркі елінің негізгі тірегі – қазақ елі. Біз­дің ерекшелігімізді күллі түркі халқы мойын­дап отыр. Әлемді мойындатып отыр­ған Түркия елі бізді атажұрт санайды. Сон­дық­тан осы сенім үдесінен шығу үшін біз қа­зақ мәдениеті мен дәстүрін мақтан тұта­тын, құндылықтарын қадірлейтін, сол ар­қы­лы өзін-өзі қадірлейтін халыққа айналуымыз ке­рек. Ал мұны іске асыруда бүгін тұсауы ке­сі­л­іп жатқан «Қазақ елі құндылықтары» кіта­бының үлесі зор. Біз мақтанатын ұлы мұра­лардың барлығы осы кітапта көрініс тап­қан. Ұлтқа қатысты тың деректерді зерт­теген сайын, жаңара түсеміз. «Кітап – білім бұ­лағы» демекші, кітапты қаншалық көп оқы­сақ, мемлекетіміз соншалық алға жыл­жи­ды. Сол себепті бізді алға жылжытатын осын­дай кітаптар көбейе берсін! Бір айта ке­терлігі, бұл кітаптың тұсаукесерінің бүгін өтіп жатқан халықаралық жәрмеңкемен тұспа-тұс келуі бекер емес. Кітап жәрмеңкесі – халықтың жәрмеңкесі. Кітап жәрмеңкесі – біздің руха­ниятымыздың жәрмеңкесі. Тіпті, ұрпақты тәрбиелеудің жәрмеңкесі дер едім. Қазір осы мәселені назардан тыс қалдырған секілдіміз. Қарнымыз тоя бастады. Рухани ашпыз. Сол рухани аштықты толтыру тек «Қазақ елі құн­дылықтары» секілді кітаптың «қолынан» ке­леді. Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор: – Ел құндылықтары – елдіктің белгісі, елдіктің рәмізі. Құндылықтар жаңа дәуірмен бір­ге жасау керек. Егер олар тарихтың енші­сінде қалатын болса, көрінбей, ескеріл­мей қа­лады. «Қазақ елі құндылықтары» кітабы­ның негізгі миссиясы – бұл құндылықтар қазақ елінің темірқазығындай екенін, ұлтпен бірге жасап келе жатқанын көрсету. Айта ке­терлігі, бұл еңбекте қазақ елінің құнды­лық­тары жүйелі түрде көрсетілген. Бұрын біз құндылықтар деген дүниені бір жүйеге кел­тіріп, нақтылап айта алмаушы едік. Бізде ма­териалдық, материалдық емес, сонымен бірге тарихи сананы қалыптастыратын құндылықтар бар. Мұның бастауы Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде айтылған. Ал мұны әрмен қарай са­бақтастыру ғаламшардың еншісінде бол­ған. Сол бүгін жүзеге асты деп сеніммен айта аламын. Бүгінгі жастар өзі мекен еткен елінің құндылықтарының мәні неде екенін білуі қажет. Әркім әртүрлі салада бақытты өмір сүріп жатыр. Біреуі зауытта, енді біреуі сауда-саттық саласында істеуі мүмкін, келесі біреуі мұғалімдік қызметте. Бірақ олар өз кәсібінде қазақ елінің құндылықтарын қалай көрсете алады? Бұл сұрақтың жауабын осы кітаптан табуға болады. Бұл кітаптың тағы бір қыры мынада: бүгінде біз құндылықтарды өзіміз біле­тін секілдіміз. Ал оларды әлемге қалай та­нытсақ болады? Осы мақсатты көздеген ғалым бұл кітапты орыс және ағылшын тілін­де бөлек-бөлек кітап қылып шығармақ. Ал­дағы бір айдың көлемінде бұл еңбек үш тілде қатар шығады деп жоспарланып отыр. Әрқайсысы мемлекеттік кітапханаларға тегін таратылады. Сосын халықтың сұраны­сына сәйкес тағы да тираж шығарылады.

Серіктес жаңалықтары