Биыл жалған ақша жасау бойынша 12 факті анықталды

Биыл жалған ақша жасау бойынша 12 факті анықталды

Биыл жалған ақша жасау бойынша 12 факті анықталды
ашық дереккөзі
50793
Биыл жалған ақша жасау фактілері бойынша 12 іс сотқа жіберілді деп хабарлады turkystan.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.  Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстанда 2 және Маңғыстау облысында 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелді. Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ доллары саналатын 1200 данадан асады. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллары, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді. ҚР ҚПҚ-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары