Оқушыларға 4 млн теңгеге дейін ақша берілетін болды

Оқушыларға 4 млн теңгеге дейін ақша берілетін болды

Оқушыларға 4 млн теңгеге дейін ақша берілетін болды
ашық дереккөзі
50258
Халықаралық байқаулар мен пән олимпиадаларында жеңген оқушыларға 4 млн теңгеге дейін бір реттік төлем жасалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп жазды turkystan.kz. Министр биылғы жылдан бастап халықаралық байқаулардың, пән олимпиадаларының жеңімпаздары осы мүмкіндікке ие бола алатынын айтты.
«Бұл заңға Президент қол қоюы қажет. Президент қол қойса, шара дереу іске асатын болады. Биылғы жылы халықаралық додалардың, олимпиадалардың жеңімпаздары болса, осы мүмкіндікке ие болады. Яғни, бір уақыттық төлемдер 4 миллион теңгеге дейін жетеді. Екіншіден, олардың тәлімгерлеріне де берілетін қаржы бар. Үшіншіден, осы балаларға арнайы гранттар беру мәселесі қаралды», – деді Асхат Аймағамбетов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, тек қана Олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға ғана емес, түрлі шығармашылық, дүниежүзілік конкурстардың жеңімпаздарына да грант беру мәселесі қарастырылып отыр.
«Түрлі дүниежүзілік деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға түсу мүмкіндігін де қарастырдық. Бұл - өте жақсы мәселе. Өйткені, қараңыздар, химияны керемет білетін бала Менделеев олимпиадасынан жеңіспен оралды делік. Бірақ ол ҰБТ-ға барғанда қазақ тілін де, тарихты да, химияны да білуі керек болады. Сондықтан біздің айтып отырғанымыз – осындай балалардан айырылып қалмауымыз керек. Заңға түзетулер енгізілді. Бұл – 10-20 жылдан бері халық көтеріп жүрген мәселелердің бірі. Бұл мәселе шешімін тапты деп ойлаймын», – деді министр.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды қолдау үшін БҒМ-ге шаралар әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл міндетті іске асыру үшін Білім және ғылым министрлігі заңнамаға бірқатар түзетулер әзірледі.

Серіктес жаңалықтары