50398
«Соңғы мүмкіндік беремін»: Әзербайжан Арменияның тұтастығына қатысты талап қойды
«Соңғы мүмкіндік беремін»: Әзербайжан Арменияның тұтастығына қатысты талап қойды
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Армения Бейбітшілік туралы келісімге қол қоймаса, аумақтық тұтастығын мойындамайтынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz salamnews.org порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы Әлиев Шуша қаласында өткен дүние жүзі әзербайжандарының V съезінде айтты.
«Соғыстың біткеніне қарамастан, Әзербайжанның территориялық тұтастығына талаптар көбейіп жатыр. Армения мен оның жақтастарының сылтаулары көбейіп кетті. Егер олар біздің ұсынған Бейбітшілік келісіміне келмесе, Әзербайжан Арменияның аумақтық тұтастығын мойындамайтын болады. Арменияға соңғы мүмкіндік беремін», - деді Ильхам Әлиев.Тағы оқи отырыңыз: «Әзербайжан үшжақты келісімді бұзған жоқ» - Ердоған