50280
«Территориямызды да, ақшамызды да қайтарып аламыз» – Ресей
«Территориямызды да, ақшамызды да қайтарып аламыз» – Ресей
Кеше РФ Мемлекеттік Думасының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Дума төрағасы Вячеслав Володин Ресей шетелде бұғатталған ақшаларды қайтарып алатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Ақшамызды тартып алған жоқ, бұғаттап тастады. Барлығын қайтарамыз. Территорияларымызды қайтара бастадық, ақшамызды да қайтарамыз. Керек болса, пайызымен қайтарады», – деді Дума төрағасы.Бұған дейін Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанда Ресейдің шетелдегі автивтері бұғатталған болатын. Артынша АҚШ Ресейге қарсы санкция салу туралы жиі мәлімдеме жасай бастаған еді. Тағы оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-тың 29 азаматын еліне кіргізбейтін болды