50308
Алматыда техника қоймасына шабуыл жасалды
Алматыда техника қоймасына шабуыл жасалды
Алматыда техника қоймасына үш адам қарақшылық шабуыл жасады. Күдіктілер Жамбыл облысынан ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш ер адам қойма күзетшісін жабылып ұрып-соққан. Ол аздай, қару-жарақпен қоқан-лоққы көрсетіп, компьютерлік техниканы, ірі сомадағы видеокарталарды тартып алып, ізін суытқан.
Осы факті бойынша жедел-іздестіру тобы құрылды. Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер Шу қаласында ұсталды. Олар Шу арқылы пойызбен Нұр-Сұлтан қаласына кетпек болған.
«Олжаның бір бөлігі өздерінде болды. Ұрлаған заттардың негізгі бөлігін елордаға жіберген. Тауарлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Процессуалдық әрекеттерден кейін видеокарталар иесіне қайтарылатын болады», – делінген хабарламада.Тағы оқи отырыңыз: Атырауда көшеде жыныстық қатынасқа түскен жұп ұсталды