Азық-түлік бағасын қадағаламаған шенеуніктерге шара қолданылады

Азық-түлік бағасын қадағаламаған шенеуніктерге шара қолданылады

Азық-түлік бағасын қадағаламаған шенеуніктерге шара қолданылады
ашық дереккөзі
50364
Азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша тиімсіз жұмыс жүргізген облыс әкімдерінің орынбасарларына шара қолданылады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, «СҚ-Фармация» ЖШС базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшу мәселелері жөніндегі кеңесте айтты. Үкімет басшысының айтуынша, бағаны ұстап тұру өте маңызды деп хабарлайды turkystan.kz. Елімізде сауда үстемесін бақылау жұмыстары аясында үй маңындағы 32 308 дүкен тексерілді (қамту – 77%), соның нәтижесінде 358 бұзушылық анықталған.
«Мен бірнеше рет «айналым схемасын» қаржыландыруды арттыруды тапсырдым, алайда бүгінде жұмыс тиісті деңгейде орындалмады. Осы айдың аяғына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл көрсеткішті мақсатты деңгейге жеткізбейтін өңірлерде әкімдердің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тиісті шара қолдану туралы ұсыныстар қаралатын болады», – деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге бағаны ұстап тұру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін жедел түрде тікелей жеткізу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін тұрақты негізде өзектендіріп отыруды тапсырды.  Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттауы мүмкін

Серіктес жаңалықтары