50512
Шымкентте несиелік тұрғын үйді сатпақ болған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады
Шымкентте несиелік тұрғын үйді сатпақ болған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкент қаласында «7-20-25» бағдарламасымен салынған тұрғын үйді санкцияланбаған конкурс арқылы сату дерегіне қатысты ресми түсініктеме берді деп жазды turkystan.kz.
«Санкцияланбаған конкурс өткізу фактісі бойынша ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Шымкент қаласының әкімдігіне «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан несиелік тұрғын үйді беру тетігін түсіндіре отырып, хат жолдады», – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.Аталған бағдарламаның талаптарына сәйкес, салынған несиелік тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтар мен салымшыларға кезең-кезеңімен «Отбасы банкі» арқылы беріледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғын үйді сату үшін аталған банкпен қажетті келісім жасауы тиіс. ИИДМ заңнама шеңберінде әкімдіктің шешімін қайта қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның іс-қимылын қолданыстағы Тұрғын үй бағдарламасының талаптарына сәйкес келтіру қажеттігін атап өтті.
«Айта кетерлігі, аталған фактіні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қатаң бақылауға алды. Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасына сәйкес, құзырлы органдар кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», – делінген хабарламада.