Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан
ашық дереккөзі
50214
Бұл туралы «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы барысында белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Биылғы сәуірдің 24-інде Атбасар аудандық Полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғынының үйінен криптовалюта жасайтын жабдықтарды тапқан. Оның ішінде 2 дана жұмыс істеп тұрған айтмайнер арнайы жабдығы, сондай-ақ айтмайнерге қажетті 9 дана жабдық және өзге де қосалқы техникалар бар.
«Табылған жабдықтардың иесі  – 29 жастағы жергілікті тұрғын. Ер адамның үйінде криптовалюта жасап келе жатқанына 3 ай болған. Қазір осыған байланысты іс материалдары мемлекеттік Кірістер басқармасына әкімшілік хаттама толтыру үшін жолданды» деп жазылған Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары