Президент әскерде қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды

Президент әскерде қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды

Президент әскерде қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды
ашық дереккөзі
50525
Президент Жамбыл облысында қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың өлімі себептерін анықтауды тапсырды деп жазды turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың өліміне байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
«Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза таппауы тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың көз жұмғаны белгілі болды. Сондай-ақ Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев қаза тапқан сарбаздың денесінен жарақаттардың ізі табылмағанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары