«Зекет» қорының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

«Зекет» қорының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

«Зекет» қорының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
50979
Қаржы мониторингі агенттігі 1,1 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен екі азаматқа іздеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер А.Б. Жексенғалиев пен Қазақстан азаматы Е.К.Медетбековке іздеу жариялайды. Олар 1,1 млрд теңге бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл алдын ала келісу арқылы бір топ адаммен аса ірі мөлшерде ақша ұрлау», - делінген агенттік хабарламасында.
Іздестіріліп жатқан адам жайлы қандай да бір ақпарат белгілі болса, агенттіктің  +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайына барып, мәлімет берсеңіз болады. Күдіктінің мекенжайы, қай жерде жүргені туралы нақты және шынайы ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы беріледі. Күдіктілер жайлы хабарлаған адамның аты-жөні жария етілмейді.  width= Еске салсақ, Әнуарбек Жексенғалиев «Зекет» қоры Астана қаласы өкілдігінің директоры болған. Тағы оқи отырыңыз: Күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Серіктес жаңалықтары