50381
Қытай халқы «аш қаламыз ба?» деп қорқып отыр
Қытай халқы «аш қаламыз ба?» деп қорқып отыр
Қытайда билік науқас саны артып, тест тапсыру керектігін жариялағаннан кейін Чаоян ауданының тұрғындары дүкендерге ұмтылды. Базарлардың бірінде бірнеше сағатта картоп бітіп қалды. Ал кейбір шағын дүкендерде көкөніс қымбаттады. Қала әкімшілігі азық-түлік жеткілікті екеніне сендіріп отыр деп хабарлады turkystan.kz. 24kz-ке сілтеме жасап.
«Супермаркеттерде жұрт жаппай азық-түлік сатып алып жатқанын көрдім. Ал билік тауар тапшылығы болмайтынын хабарлады. Көбі уайымдап отыр, олар Шанхайда халық дер кезінде қамданбағандықтан, жағдай ушықты деп санайды. Әзірше бәрі қалыпты. Бірақ мен де алдағы күндері азық-түлік сатып алуды көздеп отырмын. Тез дайындалатын кеспе мен жартылай дайын фабрикаттарды аламын», – деді Бейжің қаласының тұрғыны Ли Сяохэй.Ауданда тұратын 3,5 миллион адам ПТР-тесті үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі мен жұма күндері тапсыруға тиіс. Ол тегін өткізіледі. Үкімет тек тест тапсырғаннан кейін жұмысқа шығуға және қалада жүріс-тұрысты азайтуға шақырып отыр. Сәрсенбі күнгі тест нәтижелері белгілі болғанға дейін, билік бірнеше тұрғынды кешенді жауып тастады.
«Науқастардың жүріс-тұрысы мен ПТР-тестілеу нәтижелеріне сәйкес, қауіпті бағалап, індетті бақылау мен алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз. Жаппай тестілеу инфекцияның таралуына жол бермеу және халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажет», – деді Бейжіңдегі Чаоян ауданы мэрінің орынбасары Ян Бэйбэй.Ауданда спорт пен білім беру орталықтары жабылды. Билік дүкендерге тауар жеткізуді күшейтті, әсіресе шектеу енгізілген аудандарға басымдық берілген. Тағы оқи отырыңыз: «Үлкен аштық келе жатыр» – Саясат Нұрбек