Ұлыбритания Ресейге Украинаға қарсы қолдануға болатын өнімдерді жеткізуге тыйым салды

Ұлыбритания Ресейге Украинаға қарсы қолдануға болатын өнімдерді жеткізуге тыйым салды

Ұлыбритания Ресейге Украинаға қарсы қолдануға болатын өнімдерді жеткізуге тыйым салды
ашық дереккөзі
50393
Британ Үкіметі Украина халқына қарсы қолданылуы мүмкін тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салды деп жазды turkystan.kz ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы корольдіктің Сыртқы сауда министрлігі дүйсенбі күні мәлімдеме жасады.
«Біріккен Корольдік Ресейге Украинаның қаһарман халқын басып-жаншу үшін пайдалана алатын өнімдер мен технологияларды экспорттауға тыйым салатынын жариялайды. Тыйым салынған өнімдердің ішінде тыңдау және бақылау құрылғылары болуы мүмкін», – делінген құжатта.
Сондай-ақ ведомство Украинада өндірілген өнімдерге импорттық баж салығы мен квотаның жойылатынын хабарлады.
«Украинадан әкелінетін тауарларға салынатын барлық тарифтер нөлге дейін төмендейді. Еркін сауда туралы келісімге сәйкес, барлық квоталар жойылады. Бұл Украинаға экономикалық қолдау болып табылады», – деді Ұлыбритания үкіметі.
Баждар туралы шешім Украина Президенті Владимир Зеленскийдің өтінішіне жауап ретінде қабылданғаны атап өтілді.
«Бұл Ұлыбританияның Украинаға £1 миллиард несие кепілдігін қамтитын ауқымды мөлшердегі экономикалық қолдауының бір бөлігі болып табылады. Арпа, бал, консервіленген қызанақ және құс етін қоса алғанда, Украинаның негізгі экспорттық өнімдеріне баж салығын жою украиналық бизнес пен өндірушілерге ең қажет уақыттағы көрсетілген көмек болып есептеледі», – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары