50396
«Сергекте» – жаңа функция: бір тәулікте 12 млн теңге айыппұл салынды
«Сергекте» – жаңа функция: бір тәулікте 12 млн теңге айыппұл салынды
«Қорғау Сергек» бағдарламасының көмегімен жалған нөмірлі көліктерді анықтау мүмкін болды деп жазды turkystan.kz.
Алматы қаласы ПД әлеуметтік желідегі ресми парақшасында «Сергек» жүйесінде жаңа функцияның пайда болғаны туралы жазба жарияланды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланатын, автокөліктерге арнайы сигнал беру құрылғыларын орнататын көлік құралдарының жүргізушілерін, сондай-ақ мас күйінде көлікті басқаратын адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Өткен тәулікте ғана қала жолдарындағы «Қорғау Сергек» кешені жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Өткен тәулікте олар жалпы сомасы 12 миллион 680 мың теңгені құрайтын 790 құқықбұзушылық жасаған. Бұл көліктер ұсталып, арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.Оның ішінде 1992 жылы туған А. есімді ер адам ұсталған. Ол жол ережесін 92 рет бұзған. Оған жалпы 1 миллион 541 мың теңге айыппұл салынды. Айта кетсек, "Қорғау Сергек" жүйесі пилоттық режимде 2021 жылдың қарашасынан бастап пайдаланылып келе жатыр. Жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБК 590-бабының 3 және 4-бөліктері) 171 көлік құралы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сонымен қатар, кейінгі тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауыс зорайтқыш сигналдарды заңсыз пайдаланатын екі автомашинаның жүргізушісі ұсталды. Бұған қоса, Көлік басқармасынан 7 мас жүргізуші шеттетілді", – деді полковник Саттаров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram