50290
Газпром Польша мен Болгарияға газ жеткізуді тоқтатты
Газпром Польша мен Болгарияға газ жеткізуді тоқтатты
«Булгаргаз» (Болгария) және «PGNiG» (Польша) компанияларының газ жеткізу ақысын рубльмен төлеуден бас тартуына байланысты Газпром Польша мен Болгарияға газ жеткізуді тоқтатты деп жазды turkystan.kz.
Бұл туралы компанияның Telegram-арнасындағы хабарламада айтылған. Газпром жаңа схема бойынша төлем жасалғаннан кейін жеткізілімдердің қайта басталатынын атап өтті.
«Газпром» рубльмен төленбегендіктен «Булгаргаз» (Болгария) және PGNiG (Польша) компанияларына газ беруді толығымен тоқтатты», – делінген жазбада.Баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 сәуірдегі жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша «Газпром Экспорт» РФ Президентінің 31 наурыздағы жарлығына сәйкес, поляк және болгар компанияларынан сәуір айында газ жеткізгені үшін төлемдерді рубльмен алмағанын атап өтті. Сонымен бірге, олар контрагенттер жеткізілген газ үшін рубльмен төлеу қажеттілігі туралы дер кезінде хабардар етілгенін көрсетті. Сондай-ақ «Газпром» ресейлік газ транзиттік көлемдерден үшінші елдерге рұқсатсыз тартылған жағдайда транзиттік жеткізілімдер осы көлемге қысқаратынын ескертті. Жаңа тәртіп бойынша төлем жасалған кезде ол жақта газ транзиті қайта басталады деп уәде берді. Айта кетсек, Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Газпромның бұл шешімін Ресей тарапынан жасалған бопсалау әрекеті деп мәлімдеді.
«Газпромның Еуропадағы тұтынушыларға газ беруді біржақты тоқтату туралы мәлімдемесі – Ресейдің газды бопсалау құралы ретінде пайдаланудың кезекті әрекеті. Бұл негізсіз және ол қабылданбайды», – деді ол.Оның айтуынша, бұл жағдай Ресейдің сенімсіз серіктес екенін дәлелдеп отыр. Сонымен бірге, ЕО мұндай сценарийге дайын, оның мүшелері бұл мәселе бойынша байланыста.