Алла үйіндегі садақа жәшігі тоналды

Алла үйіндегі садақа жәшігі тоналды

Алла үйіндегі садақа жәшігі тоналды
ашық дереккөзі
279

Сұғанақ қолдарға ар да, заң да бөгет бола алмайтынына тағы да көзіміз жетті. Шымкеттегі мешіттердің біріне сұғын кірген алаяқ қайыр-садақа жәшігіндегі ақшаны қолды қылған. Бұл жөнінде қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов сілтеме жасай отырып Otyrar.kz. хабарлады. Оқиға “Сәуле” шағынауданындағы мешітте 8 сәуір күні кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған. Ол уақытта Мешіт имамы тұрғындардың сұранысы бойынша үйді-үйді аралап, Құран аяттарын бағыштауға кетіпті. Ал күзетші даладағы тазалық шаруасымен айнылысып жүрсе керек. Алла үйінде ешкім жоғын пайдаланған ұры садақа қаржысын үптеп кеткен. Шымкент қалалық Абдул Хамит Хаттани атындағы мешітінің бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов ұры мешіттегі жәшіктің қақпағын бұзып ашқанын айтады. “Дереу полицияға хабарланды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ол қаланың сыртындағы мешіт, көп адам келмейді, сондықтан жинақталған қаржының сомасы көп болса 10-15 мың теңге деп топшылап отырмыз. Иманды адам мешіттің мүлкіне ешқашан қол салмайды, ол мешіттен тыс, бейтаныс, сыртта жүрген бір кісі болуы мүмкін”, – дейді ол. Асылында, мәселе ақшаның аз-көптігінде емес, оның жиналу мақсатында. “Сәуле” шағынауданындағы 100 адамға шақталған бұл мешіт осыдан 10 жыл бұрын ашылып, ел игілігіне берілген болатын. Бір өкініштісі, мешітке орнатылған бейнеқондырғыға қаржыға қол салған алаяқтың бет-бейнесі түспеген.

Серіктес жаңалықтары