50341
Путин Украинадағы қақтығысқа араласқандарға шұғыл түрде соққы жасалатынын мәлімдеді
Путин Украинадағы қақтығысқа араласқандарға шұғыл түрде соққы жасалатынын мәлімдеді
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа араласқандарға шұғыл түрде соққы жасалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол сәрсенбі, 27 сәуірде Санкт-Петербургте ресейлік парламентарийлер алдында сөйлеген сөзінде айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Тағы бір қайталап өтейін, егер болып жатқан оқиғаларға сырттан біреулер араласып, Ресейге стратегиялық жағдайда қауіп төндірсе, біз жауап ретінде шұғыл түрде әрекет ететінімізді білуі керек. Бізде ол үшін қажет барлық құрал бар. Әркімнің ондай құралдармен мақтануға жағдайы жоқ. Ал біз мақтанбаймыз. Егер қажет болса, біз оны қолданамыз. Осыны бәрі білсе екен деймін - бізде оған қатысты барлық шешім қабылданған!» - деді Путин.Ол «Ресей Донбасс пен Украинадағы арнайы операцияға қатысты қойған барлық тапсырма орындалатынын» атап өтті. Путиннің сөзінше, Ресей оған қарсы салынған санкциялар мен соғысқа жұмсалатын әскери шығындардың экономикалық қысымына төтеп бере алады. Путин Батыс елдері «Ресейді тығырыққа тіремек болғанын», бірақ олардың бұл ойы орындалмай, экономикалық соғысқа дайындық бастағанын айтады.
«Олар бізді тығырыққа тіремек болды! Бірақ дегендері іске аспады. Сондықтан Ресейге қарсы экономикалық соғысқа дайындықты бастады. Біртіндеп түрлі әрекеттер қолдана бастады», - деді Путин.