50695
«2008 жылғы экономикалық дағдарыс қайталануы мүмкін» – сарапшылар
«2008 жылғы экономикалық дағдарыс қайталануы мүмкін» – сарапшылар
Халықаралық сарапшылар 2008 жылғы экономикалық дағдарыс қайталануы мүмкін деп отыр. Ол кезде АҚШ-тағы баспана қымбаттап, нарықтағы жағдай әлем елдерін әлсіреткен деп хабарлады turkystan.kz.
Енді сарапшылар қазіргідей экономикалық жағдай кезінде халыққа тиімді жеңіл ипотека керек деп есептейді.
Бір жылда АҚШ-тағы баспана 19,2 процентке қымбаттап, рекордтық деңгейге жетті. Халықаралық сарапшылар баға өсе беретініне болжам жасап жатыр. Бұның салдары қымбатшылыққа себеп болады.
Қазақстанда былтырдан бері жаңадан салынған баспана құны 20 процентке өсті. Екінші нарықтағы үйлер 28 процентке қымбаттады. Қазір құрылысшылар жаңа жобалармен жұмыс істеп жатқан жоқ.
Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығының жетекшісі Виктор Микрюковтың сөзінше, қазір тәуекел жасамауға себеп көп. Ең алдымен, құрылыс нарығындағы дефолт болуы мүмкін деген күдік бар. Ол аздай сарапшылар, күзге қарай елдегі құрылыс нарығы Ресейге салынған санкция салдарын сезіне бастайды. Өйткені материалдың дені импортталатыны белгілі. Демек жаңа жылға қарсы баспана құны тағы да шарықтай түседі. Әлемде энергия 50% қымбаттайды деп есептейді.
«Жаһандағы баға 2023-2024 жылдары ғана төмендейді. Оған дейін азық-түлік 23 процентке, ал энергия ресурстары тағы 50 процентке қымбаттайды. Биыл ауыл шаруашылығы өнімдері мен металл 20% дейін өседі. Баға келесі жылы сәл төмендейді, бірақ негізгі салмақ азаймайды. Бүкіләлемдік банк болжамы осылай боп тұр. Мұндай қымбатшылыққа оның алдында пандемия әсер еткен. Енді Ресей мен Украина арасындағы соғыстың әсері бар», – дейді сарапшылар.Тағы оқи отырыңыз: «Үлкен аштық келе жатыр» – Саясат Нұрбек