50421
20 қап алтын: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірушілер ұсталды
20 қап алтын: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірушілер ұсталды
Жамбыл облысында алты жұмысшы 20 қап алтынмен ұсталды деп жазды turkystan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Мойынқұм ауданында аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады.
Тәртіп сақшылары 1976, 1992, 1994 және 1990 жылдары туылған алты жұмысшыны ұстады. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты.
Тергеуде анықталғандай, ұсталған адамдар 21 сәуірде рұқсатсыз құрамында алтыны бар кенді қазып, 20 қапқа салып алған. Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.
«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда сот-химиялық сараптамасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі белгіленетін болады», – делінген хабарламада.