Тәуелсіздік күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 мың теңге сыйақы беріледі

Тәуелсіздік күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 мың теңге сыйақы беріледі

Тәуелсіздік күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 мың теңге сыйақы беріледі
ашық дереккөзі
256
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы қаласының ерекше әлеуметтік санатқа жататын бірқатар тұрғындары сыйақы алатын болады. Бұл туралы қалалық әлеуметтік  жобалар мен жұмыспен қамту басқармасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 50 мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек Алматының келесі санаттағы тұрғындарына беріледі: 1) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған қатысушылар; 2) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған қатысушылардыкіндей жеңілдіктерге ие тұлғалар; 3) Ұлы Отан соғысында күйеулері қаза болған немесе із-түзсіз жоғалған жесірлер (қайта тұрмыс құрмаған болса ғана); 4) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын 1 және 2 топ мүгедектері; 5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрынырақ "Батыр ана" атағына ие болғандар, I және II дәрежелі «Материнская слава» ордендерінің иегерлері; 6) Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар (осы категория бойынша ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алып отырған жағдайда); 7) Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы КСРО медальдары мен ордендерін иеленген тұрғалар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі уақытта кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар; 8) Чернобыль АЭС апаты кезінде қаза болғандардың отбасы мен оның салдарын жоюдан қаза болғандардың отбасы; 9) мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алатын отбасылар; 10) 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар; 11) баспаналық көмек алып отырған отбасылар; 12) жарты жылда бір рет 7 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек алушылар; 13) амбулаторлы ем қабылдап жатқан IV дәрежедегі туберкулезбен сырқаттанғандар.

Серіктес жаңалықтары