Еурокомиссия тағы бір санкция пакетін әзірлеп жатыр

Еурокомиссия тағы бір санкция пакетін әзірлеп жатыр

Еурокомиссия тағы бір санкция пакетін әзірлеп жатыр
ашық дереккөзі
50251
Владимир Путин Заң шығарушылар кеңесінде сөйлеген сөзінде Мәскеу өз айналасында Ресейге қарсы территориялардың құрылуына жол бере алмайтынын айтты. АҚШ Қорғаныс министрі Украинаның НАТО-ға қосылуы туралы мәселе қазіргі уақытта қарастырылып жатпағанын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.  Ресей мен АҚШ кісі алмасты, атап айтқанда, америкалық студент Тревор Ридті ресейлік ұшқыш Константин Ярошенкоға. Швейцария РФ-ға қарсы жаңа санкциялар салынатынын жариялады, оның ішінде көмір импортына тыйым салу, сондай-ақ Ресей үшін маңызды табыс көзі болып табылатын басқа тауарларды жеткізуге эмбарго енгізу қарастырылған. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украинаның НАТО-ға қосылуы туралы мәселе қазіргі уақытта қарастырылып жатпағанын жеткізді. Ол «бұл тақырыпты «бықсытқысы» келмейтінін айтты. Мәскеу Варшаваға ресейлік газдың Польшаға жеткізілімі Поляк мұнай-газ компаниясы (PGNiG) энергия ресурсы үшін рубльмен есеп айырысудан бас тартқанынан кейін сәрсенбіден бастап тоқтайтынын ескертті. Сонымен қатар 27 сәуірден бастап «Газпром» Софияға газ тасымалын тоқтатады. Бұл туралы Болгария Энергетика министрлігінің сайтында хабарланды. Тиісті ескерту хабарламасы «Булгаргазға» сейсенбі күні жолданды.
Владимир Путин Заң шығарушылар кеңесінде сөйлеген сөзінде: «Егер кімде-кім Украинадағы жағдайға араласу туралы шешім қабылдаса және стратегиялық сипаттағы қолайсыз қауіптер туғыза бастаса, «бірден жауапты соққы беріледі», – деді.
Владимир Путиннің айтуынша, Мәскеу өз айналасында Ресейге қарсы территориялардың құрылуына жол бере алмайды. Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Одаққа кіретін елдер алтыншы санкциялар пакетін әзірлеу үшін қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Талқылау кезінде мұнай тақырыбына ерекше назар аударылатыны да атап көрсетілді. Британдық БАҚ Greenpeace-тің жаңа зерттеуіне сілтеме жасай отырып, 24 ақпаннан бастап Ұлыбритания 220 миллион фунттың Ресей мұнайын импорттады деп жазады. Бұл – шамамен 1,9 миллион баррель. Халықаралық Қызыл крест комитеті бейбіт азаматтарды «Азовстальдан» эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды келістіру ісіне атсалысуға дайын. Еуропалық Қайта құру және даму банкі қазіргі уақытта Украина экономикасының шамамен 60-70% жұмыс істеп тұр деп мәлімдеді. Тағы оқи отырыңыз: Ресей өзіне қарсыларға сес көрсетті

Серіктес жаңалықтары