50250
Ресей Қазақстанның вакцинация құжатын мойындады
Ресей Қазақстанның вакцинация құжатын мойындады
30 мамыр күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресеймен коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын екіжақты мойындау туралы келісім жобасына келісім алған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, қазір осы мәселеге қатысты жұмыстар пысықталып жатыр.
«Вакцинация паспорты бойынша Сыртқы істер министрлігі арқылы Ресей Федерациясынан келісім келіп түскені рас. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бұл келісімге қол қоюға дайын екендігін білдірді. Бүгінгі таңда техникалық мәселелердің болуына байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге жұмыс жасалып жатыр. Аталған ведомство өз қорытындысын ұсынған соң бірден СІМ жіберіліп, сол арқылы Ресейге жөнелтіледі», – деді Айжан Есмағамбетова.Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан 33 елдің вакцинация паспортын мойындаған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Вакцинация паспортын сатқан дәрігерлерге рақымшылық жасалды