Алматы облысының тұрғыны 62 жастағы анасын ұрып өлтірді

Алматы облысының тұрғыны 62 жастағы анасын ұрып өлтірді

Алматы облысының тұрғыны 62 жастағы анасын ұрып өлтірді
ашық дереккөзі
50606
Сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні Алматы облысы Бұлақты ауылының 62 жастағы тұрғыны соққы ізімен Алакөл аудандық ауруханасына түсіп, келесі күні қайтыс болған. Өз анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Белгілі болғандай, қарт әйел қатты соққыға жығылған. Полиция қызметкерлері бұл жағдайға оның ұлының қатысы бар екенін анықтап қамауға алды.
«Қылмыс отбасылық жанжал кезінде орын алған. Алкогольге мас болған күдікті өгей әкесі мен өз анасын ұрып-соққан. Қарт әйелдің алған жарақаты өте ауыр болып шықты. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай, ер адам бұрын жеңіл қылмыстары үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары