Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасында әуе рейстерінің саны артуы мүмкін

Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасында әуе рейстерінің саны артуы мүмкін

Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасында әуе рейстерінің саны артуы мүмкін
ашық дереккөзі
50413
Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы әуе рейстерін ұлғайту және ашу мәселелері талқыланды деп хабарлады turkystan.kz Брюссель қаласында азаматтық авиация саласындағы Еурокомиссиямен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Азат Бектұров,«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду, Бельгиядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері бастаған қазақстандық делегация өкілдері Көлік мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссия комиссары кабинетінің басшысы В. Гетцпен кездесті.
«Кездесу барысында тараптар ұшу қауіпсіздігі, Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы әуе рейстерін ұлғайту және ашу сынды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар басқосуда Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әуе қатынасы туралы "деңгейлес келісім" нормаларын енгізу де назарға алынды», деп көрсетті ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Екіжақты тиімді әріптестікке негізделген кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Серіктес жаңалықтары