Теміртауда балаларды тонаған ұры ұсталды

Теміртауда балаларды тонаған ұры ұсталды

Теміртауда балаларды тонаған ұры ұсталды
ашық дереккөзі
50615
Теміртау қаласында оқушыларды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. 19 сәуірде Теміртаудағы ПБ Шығыс полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны балаларды сауықтыру ұйымдарының біріне барған кезде, олардың спорт жабдықтарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан. Шығын сомасы 50 мың теңгені құраған.
«22 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол балалардың заттарын ұрлағанын толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды», – деді ПД баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысы барын анықтаған. Оның барлығы осы сауықтыру орталығында жасалған. Мысалы, ұры 6 сәуірде бассейнде жүзіп жүрген бір оқушының жоқтығын пайдаланып, шешіну бөлмесіндегі шкафтардың бірінен баланың ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қолды болған телефонның құны – 129 мың теңге. Ұрыға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары