50548
Ауылға барып жұмыс істейтін жас дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы беріледі
Ауылға барып жұмыс істейтін жас дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы беріледі
Ақмола облысында ауылға барып жұмыс істейтін жас дәрігерлерге 2,5 млн теңгеден көтермеақы беріледі. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықовтың айтуынша, бұл шара өңірде медицина кадрларын ынталандыру мақсатында іске асырылмақ деп хабарлады turkystan.kz.
Сонымен қатар, Сыздықов өңірде 35 жалпы практика дәрігері, 13 терапевт, 21 акушер-гинеколог, 23 анестезиолог-реаниматолог, 18 педиатр, үш психиатр, 9 офтальмолог, 10 оториноларинголог, 12 неонатолог, бір радиолог және басқа да мамандар жетіспейтінін айтты.
Оның сөзінше, Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен жас мамандарға төленетін көтермеақы сомасы артқан. Соған қарамастан өңірде 244 дәрігер жетіспейді екен.
«Аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1,5 млн теңгеге дейін және ауылдық жерлерде 2,5 млн теңгеге дейін көбейді. Мысалы, ерлі-зайыпты дәрігерлер ауылға келсе, олардың әрқайсысы 2,5 млн теңгеден көтермеақы алады. Ал өткен жылы 20 медицина қызметкеріне 1 млн теңгеден берілді. Сондай-ақ, жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 4,6 млн теңге ауылдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандарына 15 жыл мерзімге беріледі», – деді Нариман Сыздықов.Тағы оқи отырыңыз: 790 мың теңге айлық алу үшін қай өңірде мұғалім болу керек?